ҚР ҚМ ІМАК Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы. Индексі №05-1
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Алматы облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
"Мемлекеттік аудитор" біліктілігі бар мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметіне жалпы басшылық жасау және жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға қатысу, оның белгіленген тәртіппен уақытысында орындалуын бақылау жасау және қамтамассыз ету, бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына (түзетуге) байланысты шығыстардың сәйкестігі бойынша аудит жүргізу, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалануын, гранттарға қатысты кредиттер, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылаған қарыздар, мемлекеттік активтері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ақпараттық жүйелерінің деректері мониторингінің нәтижелері бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалануға, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті жүзеге асыру мақсаттарында объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау, бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларына мемлекеттік міндеттерді орындауды қаржыландыру, мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi, мемлекет кепiлдiктерiн және кепiлдiктерiн, сондайақ оларды пайдалануды қоса алғанда; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына,тәуекелдерді басқару жүйесінің және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттың жүйелерінің негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асыру, камералдық бақылауды қоспағанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін сақтау бойынша аудиторлық ісшараларды жүзеге асыру, қылмыстық iс органдарының бұйрықтары бойынша, қылмыстық жауапкершілікке тартылған қылмыстық істер бойынша алынған, сондай-ақ соттардың анықтамалары бойынша, прокуратура органдарының талаптары мен өтініштері бойынша аудитке маман ретінде қатысу, бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру, басқарма құзыреті шеңберінде сәйкестік аудитін жүзеге асыру мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелері қызметін үйлестіру, белгіленген заңнамаға сәйкес басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке, заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумдарының) өтініштерін қарау, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қолдануды қамтамассыз ету, «е- қаржымин» АЖ, «Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі» ішкі жүйелерінде жұмысты жүргізу, ақпараттық бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерімен (СЖО (ЦРМ), Documentolog) жұмыс істеу, Комитет басшылығына мемлекеттік аудит органдарының жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, бөлім қызметкерлерінің қызметін бағалауды жүргізу, бөлім жұмысына қатысты сұрақтар бойынша Комитеттің және Департаменттің тапсырмаларын орындау және де Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына (грейд 5) жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ra.omerbaeva@minfin.gov.kz
- 31.03.2026
- Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)
-
8 (71 72) 71-78-10