ҚР ҚМ ІМАК Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімінің бас маманы, 1- бірлік, "В" блогы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Ұлытау облысы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша есептілікті қалыптастыру және оны Департамент басшылығына ұсыну, аудиторлық қызметтің қорытындылары бойынша талдамалық ақпаратты дайындауды, жүргізілетін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындыларын талдауды қамтамасыз ету, анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарын қорыту, Департамент қызметінің рейтингтік бағалауын қалыптастыруға қатысу бөлігінде қызметті ұйымдастыру. Есептілікті қалыптастыру бөлігінде "е-Қаржымині" ИААЖ "қаржылық бақылау/тәуекелдерді басқару жүйесі" ішкі жүйесін толтыруды сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруды ұйымдастыруға қатысады. Департаменттің тиісті бөлімдері мемлекеттік аудит объектілеріне жіберген нұсқама мерзімдерінің орындалуы бойынша, сондай-ақ жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша белгіленген бұзушылықтардың қалдықтары (бұзушылықтардың сомаларын қалпына келтіру және бюджетке өтеу) бойынша мониторинг жүргізеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ Департаменттің бөлім туралы бекітілген Ережесіне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "В" функционалдық блогына (грейд 4) жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ra.omerbaeva@minfin.gov.kz
- 10.10.2025
- Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)
-
8 (71 72) 71-78-10