ҚР ҚМ ІМАК Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сәйкестік аудиті бөлімінің басшысы, 1-бірлік, "А" блогы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті
Атырау облысы
350615
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
"Мемлекеттік аудитор" біліктілігі бар мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және қызметіне жалпы басшылық жасау. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруға қатысу, белгіленген тәртіп пен мерзімде бақылауды жүзеге асыру және оның орындалуын қамтамасыз ету. Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайтуға (түзетуге), республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатын, несиелерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалануға байланысты, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша шығыстардың сәйкестігіне аудит жүргізу. Бюджеттік несиелер беру. Ұсыну шарттары мен рәсімдерін сақтау. Тәуекелдерді басқару жүйесі және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттық жүйелері деректерінің негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының сақтау. Камералдық бақылауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының рәсімдерін сақтау бойынша аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы ҚР Заңының 14 бабының 1 тармағына сәйкес аудиторлық іс шара жүргізу. Қозғалған қылмыстық істер шеңберінде шығарылған қылмыстық қудалау органдарының қаулылары бойынша, сондай-ақ соттардың ұйғарымдары бойынша прокуратура органдарының талаптары немесе сұраулары бойынша маман ретінде қатысу. Бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру. Белгіленген заңнамаға сәйкес, бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша жеке, заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдау. "Е-Қаржымині" "Қаржылық бақылау" кіші жүйесінде ИААЖ-да жұмысты жүзеге асыру. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін жетілдіру бойынша Департамент басшылығына ұсыныстар дайындау. Бөлім қызметкерлерінің қызметіне бағалау жүргізу. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, тәртіппен және мерзімдерде бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» бағдарламасына (бұдан әрі – ӘӨБТ) ақпараттық есепке алу құжаттарын енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Комитет және Департамент басшылығының тапсырмаларын және басқа да міндеттерді орындау. Ақпараттық бағдарламалық жүйелерді бақылауды жүзеге асыру және олармен жұмыс жүргізу (ЦЖО, «БҚА Documentolog электрондық бұлтты құжат айналымы жүйесі», «е-Өтініш», «е-Мұрағат»). Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша, оның ішінде жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ), әлеуметтік желілермен байланыс, әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялар бойынша бөлімнің ақпараттық-талдау жұмысын жүргізу.
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің штат кестесіне сәйкес бұл лауазым "A" функционалдық блогына (грейд 6) жатады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ra.omerbaeva@minfin.gov.kz
- 20.08.2025
- Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11 (ZOOM арқылы)
-
8 (71 72) 71-78-10