#аудит

Павлодар стадионы: Аяқталмаған құрылыс және жоғалған қаржы
Павлодар стадионы: Аяқталмаған құрылыс және жоғалған қаржы

Павлодарда заманауи стадион бой көтеруі тиіс болған. Алайда спорт кешенінің жобасы жоғалған миллиондар, жауапкершіліксіз мердігер және заң бұзушылықтарға айналған.

Шарбақты көпірі аумағындағы ұлттық спорт түрлері бойынша стадионның құрылысына бастапқыда 261,5 млн теңге бөлінген. Бірақ жобаның құны кейін 666,3 млн теңгеге дейін өскен. Алғашқы жоспарланған қаражаттан екі жарым есе көп қаржы сұратқан мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС құрылысты аяқтау мерзімін жүйелі түрде бұзып отырған. Ал тексеріс барысында 2025 жылдың мамырында мердігермен арадағы шарт бұзылғандығы анықталған.

Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудит 2025 жылғы маусымда елеулі қаржылық заң бұзушылықтарды анықтады. Мердігерге 589,8 млн теңге аударылған. Алайда құжаттар бойынша тек 555,3 млн теңгенің жұмысы орындалған.  34,5 млн теңге артық төленген. Яғни бюджеттік ақшасы жымқырылған. Тексеру барысында қосымша 28,3 млн теңге іс жүзінде жоқ жұмыстар үшін төленгені анықталды. Осылайша 62,8 млн теңге сомасында бюджеттің мақсаттылығы мен заңдылығына қатысты мәселе туындады. Тексеріс анықтағандай қаржының бір бөлігі іс жүзінде болмаған жұмыстар үшін төленген болып шықты.

Бірақ мәселе тек ақша туралы ғана емес. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламаның қолданылу мерзімі 2023 жылдың желтоқсанында аяқталғанымен, 2024 жылы нысандағы жұмыстар жалғасқан. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына жұмыстарды қайта бастау туралы хабарлама жіберілмеген. Бұдан бөлек, тапсырыс беруші мердігерді мемлекеттік сатып алуға заңсыз қатысушысы деп тану үшін сотқа уақытында жүгінбеген, сол үшін мекеме басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі.

Бүгінде «ГрадСтройСервис» ЖШС банкрот деп танылған. Анықталған 62,8 млн теңге салдарынан компания мемлекет алдындағы берешегі бар борышкерлер қатарына енгізілген және банкроттық рәсімі аясында өндіріп алынады.

Талдамалық мақала
Дата публикации: 23.02.2026
Мемлекеттік аудит Өнеркәсіп комитетіне қарасты кәсіпорында жалақы мен сыйақыларды есептеу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады
Мемлекеттік аудит Өнеркәсіп комитетіне қарасты кәсіпорында жалақы мен сыйақыларды есептеу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады

2025 жылы азаматтық ұстанымы белсенді азаматтың өтінішінің арқасында Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Қазақстан Республикасы минералдық шикізатын кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-на тексеру жүргізді. Бұл мекеме ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады.

Аудит нақты қызметкерлерге жалақы мен сыйақы есептеудің негізділігі мәселелеріне бағытталды. Нәтижелері аса алаңдатарлық болды: 2024 жылы нақты жұмыс істелмеген уақыт үшін еңбекақы төлеуге байланысты 14,2 млн теңге көлемінде өрескел қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Тексерілген бюджеттік қаражат пен активтердің жалпы көлемі 188,9 млн теңгені құрады. Еңбекақы төлеудегі заңбұзушылықтардан бөлек, аудиторлар 34,4 млн теңге сомасында бірқатар елеулі рәсімдік ауытқуларды тіркеді. Олардың қатарында – үш қашықтан жұмыс істейтін қызметкермен еңбек шарттарының болмауы (3,7 млн теңге), үш қызметкерде жұмыс уақытының шекті нормасынан асып кетуі (12,7 млн теңге), сондай-ақ ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу қызметтеріне негізсіз шығындар (18 млн теңге) бар.

Тексеру нәтижесі бойынша анықталған заңбұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселесін қарау туралы нұсқама берілді. Орындау ерекше бақылауға алынған, ал жинақталған материалдар қылмыстық қудалау жөніндегі уәкілетті органдарға берілді.

Мұндай тексерулер басқарудағы осал тұстарды ғана көрсетіп қоймай, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімінің негізі – ашықтық пен заң талаптарын сақтау екенін еске салады – деп сарапшылар атап өтеді.

Новости
Дата публикации: 31.07.2025
Жетісу облысындағы аудандардың бірінде жарты млрд теңгеге жуық қаржылық және процедуралық кемшілік анықталды
Жетісу облысындағы аудандардың бірінде жарты млрд теңгеге жуық қаржылық және процедуралық кемшілік анықталды

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің аудиторлары Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жұмысында айтарлықтай кемшілікті анықтаған. Атап айтқанда, қаржылық және процедуралық бұзушылықтың жалпы сомасы   – 417,2 млн теңге.

Оның ішінде 341,8 млн теңге – орынсыз төлемдер. Бұл ақша іс жүзінде атқарылмаған жұмыстарға жұмсалған. Айталық, сыртқы жарықтандыру орнатылмаған, сондай-ақ әрлеу жұмыстары соңына дейін аяқталмаған. Ал тиісті қаражаты төленген дизель генераторы жеткізілмеген.

Қалған 75,4 млн теңгеге байланысты процедуралық кемшілік байқалған: келісімшарттарда қарастырылған мерзімдер сақталмаған, сол секілді тапсырыс беруші тарапынан өндірушіні жауапқа тарту бойынша қандай да бір әрекет жасалған жоқ. Мәселен, қызмет ұсынушыны мемлекеттік сатыпалымның жосықсыз қатысушысы деп тану бойынша сотқа арыз беруден бас тартқаны белгілі болды.

Аудит қорытындысы бойынша тиісті бөлімге анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама жіберілді. Материалдар құқық қорғау органдарының тарапынан да қаралып жатыр.

 

 

 

Новости
Дата публикации: 30.05.2025
Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі қағидалары
Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі қағидалары

         Ұйымның қаншалықты сәтті болуы көбінесе бухгалтерлік есептің сауаттылығына байланысты, оны қамтамасыз ету үшін бухгалтерлік есептің барлық принциптерін сақтау қажет.

         Бухгалтерлік есеп принциптерінің келесі жіктемесі бар: есептеу, үздіксіздік, түсініктілік, маңыздылық, дұрыстық, объективтілік,   аяқталғандық, салыстырмалылық және жүйелілік.

         Соның негізінде қаржылық есептілік жасалатын, бухгалтерлік есептің негізгі принциптерінің бірі есептеу болып табылады.  Онда барлық кірістер мен шығыстар төлем болған кезде емес, экономикалық операция аяқталған кезде ескерілуі (көрсетілуі) керек.        

         Үздіксіздік - бұл кәсіпорын өз қызметін жақын болашақта жалғастырады деп болжанатын бухгалтерлік есептің негізгі принциптерінің бірі.

         Түсініктілік пайдаланушы үшін берілген ақпараттың қолжетімділігін білдіреді. Бухгалтерлік есепті жасаудың осы принципі шаруашылық операцияларды жазудың ықтимал формаларын стандарттайды.

         Маңыздылық - бухгалтерлік есептің жалпы принциптерінің бірі. Ол пайдаланушылардың қажеттіліктері шешім қабылдау процесінде, сондай-ақ операциялық, қаржылық және экономикалық қызмет оқиғаларын талдау және бағалау кезінде толық қанағаттандырылуы үшін тек маңызды ақпаратты есепке алу қажеттілігін бекітеді.

Дұрыстық бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принципі болып табылады. Елеулі қатесі немесе біржақтылығы жоқ ақпарат дұрыс болып саналады.

         Объективтілік пен бейтараптық тек принциптерге ғана емес, сонымен қатар бухгалтерлік есеп негіздеріне де қатысты. Барлық шаруашылық операциялар қаржылық есепте көрсетілуі, шаруашылық қызметтің әрбір кезеңінде тіркелуі, сондай-ақ растау құжаттарымен расталуы тиіс.

         Аяқталғандық көрсетілген деректердің логикалық толықтығы мен жеткіліктілігін анықтайды. Салыстыру әр түрлі есепті кезеңдердің есеп беру формаларын стандарттау қажеттілігін анықтайды.

         Жүйелілік есепті ақпараттың бір есепті кезеңнен екіншісіне дәйекті түрде өтуін қамтиды.

         Жоғарыда келтірілген принциптерді сақтамау шаруашылық жүргізуші субъектінің мүліктік жай-күйінің көрінісін бұрмалайды. Басшылар мен бас есепшілер есепті ақпаратты бұрмалауға және активтер мен міндеттемелердің баптарын бағалауға, қасақана өзгертілген есепті деректерді ұсынуға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

 

 

 

 

 

 

 

Новости
Дата публикации: 23.05.2023
Қызылорда облысында газ құбырлары құрылысын тексеру барысында ірі көлемде қаржылық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысында газ құбырлары құрылысын тексеру барысында ірі көлемде қаржылық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-де «Қармақшы ауданының Төретам елді мекенінде тартылатын газ құбыры мен орам ішіндегі газ тарату желілерінің  салу құрылысы» бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігіне жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде, аудит объектісі тарапынан Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 272-бабының, Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағының талаптары сақталмай, «Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Төретам елді мекенінде тартылатын газ құбыры мен орам ішіндегі газ тарату желілерінің құрылысы» бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін мердігер мекемеге жалпы сомасы 286 205,7 мың теңгеге төлем жүргізілгені анықталды.

Аудит нәтижесімен анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы аудит объектісіне нұсқама ұсынылып, нәтижесінде 104 119,3 мың теңгенің бұзушылықтары жұмыстарды орындау жолымен қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершілігі қаралды.

Қазіргі таңда, Департаментпен бұзушылықтың қалған сомасын жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Новости
Дата публикации: 22.05.2023
Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыруға бөлінген бюджет қаражатының қайтарымы қамтамасыз етілмеген
Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыруға бөлінген бюджет қаражатының қайтарымы қамтамасыз етілмеген

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен  Байқоңыр Әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациясы (Байқоңыр)" акционерлік қоғамына өңірлік тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарлардың бағаларының тұрақтандыру мақсатында  бөлінген қаржының пайдаланылуына Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкестігіне  мемлекеттік аудит жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара нәтижесінде, 2019-2021 жылдар кезеңінде бюджеттен бөлінген 852 579,9 мың теңгеге аймақтық тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарлар сатып алынып, әлеуметтік дүкендерге таратылған.

Алайда, өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларына қосымшада көрсетілген үлгілік шарттың 8-бөлігі 1-тармағының талаптары сақталмай, "Байқоңыр Әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорациясы (Байқоңыр)" акционерлік қоғамы мен "Алтын қамба "Агроөнеркәсіптік комбинаты" ЖШС арасындағы екіжақты келісімге қосымша келісім жасалмағаны, сонымен қатар,  азық-түлік, жемістер мен көкөністерді өткізу бойынша төлемдердің 852 579,9 мың теңге сомасындағы қаражаттардың бюджетке қайтарылуы қамтамасыз етілмегені анықталды.

Департаментпен қолданылған қаржылық ден қою шаралары нәтижесінде "Алтын қамба Агроөнеркәсіптік комбинаты" ЖШС-нен 92 564,2 мың теңге өндірілді.

Қазіргі таңда, Департаментпен 760 015,7 мың теңге көлеміндегі бұзушылықтың қалған бөлігін өндіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Департаменттің нұсқамасы тиісті түрде орындалмағандықтан акционерлік қоғам басшысына Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабы 3) тармақшасымен әкімшілік хаттама толтырылып, сонымен қатар, аудиторлық іс-шара материалдары процестік шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Новости
Дата публикации: 22.05.2023
2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары
2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитінің қорытындылары

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылға бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне 3 мемлекеттік мекемеде және оның 14 ведомствоға қарасты мекемелерінде аудит жүргізілді .

Тұтастай алғанда, аудиторлық іс-шаралармен есепті кезеңнің басында және соңында есепте тұрған активтерді, міндеттемелерді және таза активтерді/капиталды көрсетудің толықтығы, ақша қаражатының қозғалысын есепке алудың дұрыстығы, дебиторлық және кредиторлық берешекті есептеу, есепті кезеңде жасалған кірістер мен шығыстар шоттарын және басқа да қаржы-шаруашылық операцияларын жабу мәселелері қамтылған.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 838 006,5 мың теңгені құрады, аудит барысында қаржылық есептіліктің тәуекелдерін барынша азайту мақсатында заңнама талаптарына сәйкес келтірілді.

Мекемелерде және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінде анықталған бұзушылықтарды талдау дебиторлық және кредиторлық берешектерді бұрмалаудың, бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдаланбаудың, бухгалтерлік тәртіпті бұзудың, сондай-ақ жүктелген функционалдық міндеттерді толық орындамаудың көптеген фактілері анықталдыі.

Мекемелер дебиторлық және кредиторлық берешектерге мониторинг жүргізу бойынша жұмысты толық көлемде жүргізбейді, берешектерді өтеу және өндіріп алу бойынша толық шаралар қабылдамайды.

Аудит нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоюға және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға нұсқамалар жіберілді. Сондай-ақ, облыс әкімінің атына шолу хат жолданды.

 

Дата публикации: 18.05.2023
2022 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілік аудит нәтижелері
2022 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық  есептілік аудит нәтижелері

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) мемлекеттік аудит саласындағы заңнамада бекітілген құзыретке сәйкес жыл сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудитін жүзеге асырады.

Мәселен, Департамент қаржылық есептілік аудиті бөлімі ағымдағы жылдың наурыз айында 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шараларды аяқтады. Аудит бюджеттік бағдарламалардың 3 әкімшісінде жүргізілді,сондай-ақ, қарсы тексерулермен 3 ведомстволық бағынысты мекеме қамтылды.

Мемлекеттік мекемелерде жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен жалпы алғанда активтер, қорларды көрсетудің дұрыстығы, ақша қаражаттарының қозғалысын есепке алу, дебеторлық және кредиторлық жарғылық берешекті есептеу, кірістер мен шығыстарды жабу, есепті кезеңде жасалған міндеттемелер мен таза активтерді/капиталды толық көрінісі және басқа да қаржы-шаруашылық операциялар мәселелері қамтылды.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 58 514 734,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 51 560 828,9 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соқтырды.

Бұзушылықтарды талдау мемлекеттік мекемелердің мемлекет активтерін тиісті есепке алуды қамтамасыз етпейтінін, дебиторлық және кредиторлық берешекті жасыру, бухгалтерлік тәртіпті бұзу, сондай-ақ жүктелген функционалдық міндеттерді толық орындамау сияқты бұзушылықтарға жол беретінін көрсетті. Бұл жағдайда бұрмаланған шоғырландырылған қаржылық есептілікті /қаржылық есептілікті ұсынудың айтарлықтай қаупі бар.

Белгіленген бұзушылықтар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы тиісті деңгейде жүргізілмегендігін көрсетеді, өйткені Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің дұрыстығы мен толықтығы толық қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ведомстволық бағынысты мекемелердің бухгалтерлік есебінің деректерін қайта тексермейді.

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес бұрмаланған қаржылық есептілікті жасағаны үшін 5 жауапты тұлға (бухгалтер) 400 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Департамент осы бағытта жұмысты жалғастыруда, қазіргі уақытта 2023 жылға бекітілген тізбеге сәйкес  шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелерде алдын ала зерделеу жүргізілуде.

Талдамалық мақала
Дата публикации: 05.05.2023
Жүйелі тәсіл ірі бұзушылықтарды анықтауға дәнекерледі
Жүйелі тәсіл ірі бұзушылықтарды анықтауға дәнекерледі

Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен зерделеуге жолданған 2022 қаржылық  жыл соңында тапсырыс берушілермен жүргізілген тәуекелдік төлемдер шеңберінде зерделеумен расталғандықтан  "Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара тағайындалды.

Аудит қорытындысы бойынша, ден қою шараларын қабылдауға жолданған 2022 жылдың аяғында жалпы сомасы 955,0 млн.теңгеге жүргізілген аударымдарының 8 жағдайы бойынша,  6 жағдай бойынша тәуекелдер 556,3 млн.теңге сомасына расталды, бұл аударылған қаражаттың жалпы сомасының 58,2%-ын құрайды.

Бұл ретте, расталған тәуекелдер 507,8 млн. теңге сомасына орындалмаған жұмыстар көлемі үшін мердігерлерге қаражатты негізсіз аударуды қамтиды, фактілер келесі объектілер бойынша анықталды: Семей қаласының Мелькомбинат көшесіндегі тұрғын үйлерге жылу желілерін ағымдағы жөндеу 34,8 млн. теңге сомасына, Семей қаласының "Теплокоммунэнерго" МКК қазандықтарын қайта жаңарту, "Центр" қазандығы 11,8 млн. теңге сомасына және "Габбасова" қазандығы 461,2 млн. теңге сомасына.

Сондай-ақ, тәуекелдер орындалған жұмыстар актісіне орнатусыз және монтаждаусыз құрылыс материалдары мен жабдықтарды енгізу фактісі бойынша 48,5 млн.теңге сомасына расталды, бұл обьектідегі атқарылған жұмыстардың технологиялық реттілігінің сақталмауына әкеліп соқты. Бұзушылық келесі объектілер бойынша анықталды: Семей қаласының Березовский кентінің су құбыры желілерінің құрылысы 26,3 млн.теңге сомасына, Семей қаласының "Теплокоммунэнерго" МКК "Центр" қазандығын қайта жаңарту 22,2 млн. теңге сомасына.

Осылайша, жүйелі тәсілді қолдану Департаментке бұзушылықтарды уақытылы анықтауға ықпалын тигізді. Бұзушлықтарды жою бағытында, аудит қорытындысы бойынша аудит объектісіне бұзушылықтарды жоюға енгізілген нұсқаманы орындауды қамтамасыз ету арқылы мониторинг жүргізіледі. Нұсқама орындалмаған жағдайда, ары қарай ықпал ету шаралары жүзеге асырылады, оның ішінде процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберу шаралары да көзделген.

 

 

 

Новости
Дата публикации: 15.03.2023
Ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу туралы семинар-кеңес өтті
Ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу туралы семинар-кеңес өтті

2020 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстандағы мемлекеттік аудитті жетілдіру және PEMPAL ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу бойынша "ZOOM" сервисі арқылы семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі К.Ф. Плотников, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Б. Бекетаев, PEMPAL ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың өкілдері, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі полиция департаменттерінің басшылары (бұдан әрі - ІАҚ), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Аталған семинар-кеңесте мемлекеттік ішкі аудит саласындағы заңнамадағы өзгерістер қаралды, сондай – ақ КОВИД-19 пандемиясы кезінде ішкі аудит жөніндегі мәселелер талқыланды, ішкі аудит тиімділігінің негізгі көрсеткіштері және ішкі аудит сапасын қамтамасыз ету  жөнінде айтылды.

Новости
Дата публикации: 13.11.2020
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2019 жылғы қызметінің қорытындысы
Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің 2019 жылғы қызметінің қорытындысы

 «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР Заңымен қарастырылған функцияларын орындау аясында, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті  мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектісіне шықпай камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтарды болдырмау және уақытында оның алдын алу, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру болып табылады.

Осылайша, 2019 жылдың 12 айыбарысында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 9 893 022,1млн.теңгеге 1 517 911мемлекеттік сатып алу процедуралары қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 801545,2 млн.теңгеге 27 485процедура бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылығы анықталды.

Мемлекеттік аудит объектілеріне камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін 27 300 хабарлама жолданып, оларды орындау үшін бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 717 223,4 млн.теңгеге бұзушылықтар жойылды.

Хабарламалардың уақытылы орындалмағаны үшін қабылданған шаралар арқылы 2019 жылдың 12 айыбарысында Комитет шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 208 өкім шығарған.

Сонымен қатар, Комитет 3 451 аудиторлық іс-шаралар жүргізіп, оның барысында 1 152 012,789 млн.теңге қаражат қамтылған. Бұл ретте, сомасы 245178,7 млн. теңгеге қаржылық бұзушылықтар, саны 5 211 процедуралық сипаттағы бұзушылықтар анықталған.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бүгінгі күнге дейін тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есеп бойынша көрсету жолымен 634 052,7  млн. теңге жойылған.

Жүргізілген аудиторлық шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептерін жоюға, сондай-ақ, аудит объектілерінің қызметтерін жетілдіруге және тиімділігін арттыруға бағытталған 2 564  ұсыныс беріліп, олардың 2 564  орындалған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне сәйкес 1 493  лауазымды тұлға сомасы 261,1 млн. теңге айыппұл көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 246,2 млн. теңгесі бюджетке төленген.

Бұзушылықтарға жол бергені үшін 2 734  кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Аудиторлық шаралардың қорытындылары бойынша процессуалды шешім қабылдау үшін сомасы 64192,841 млн.теңге болатын 465 материал құқық қорғау органдарына жолданды.

Талдамалық мақала
Дата публикации: 01.04.2020
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығына ШҚО бойынша ІМАК қызметі
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығына ШҚО бойынша ІМАК қызметі

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2019 жылдың 9 айында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың, бюджет заңнамасының, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша 230 аудиторлық іс-шара, оның ішінде 208 жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Жоспардан тыс аудиторлық іс-шаралар ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің хаттары бойынша, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, құқық қорғау органдарының сұраулары мен басқа жағдайлар (ШҚО прокуратурасының заң бұзушылықтарын жою туралы ұсынымдары) бойынша жүргізілді.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында аудитпен 40 070 977,8 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты қамтылды. Нәтижесінде жалпы сомасы 27 750 950,97 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, соның ішінде 12 490 840,18 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде өтелуге, қалпына келтіруге, есеп бойынша көрсетуге және сәйкес келтіруге 12490840,18 мың теңге жатады.

Негізгі анықталатын бұзушылықтар:

- бухгалтерлік есеп бойынша операциялар мен жағдайларды дұрыс көрсетпеу;

- орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актілеріне орындалмаған/жүргізілмеген көлемдерді енгізу;

- конкурстық өтінімдерді конкурсқа қатысуға негізсіз қабылдамау, конкурстық баға ұсыныстарына әсер ететін критерийлер мөлшерін дұрыс есептемеу;

- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзып өткізу, тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуды негізсіз жүргізу және т.б.

Есепті кезеңге 10 489 591,92 мың теңге немесе 83,9% қалпына келтірілді және өтелді (соның ішінде есеп бойынша көрсету және сәйкес келтіру). Өтелмеген және қалпына келтірілмеген сома қалдығы 2 004 395,24 мың теңге, өйткені нұсқамаларды орындау мерзімі келген жоқ.

Аудиторлық іс-шара нәтижелері бойынша аудит объектілеріне                  192 нұсқама жіберілді, есепті күнге 152 нұсқама орындалды немесе 79,2%. Қалған 40 нұсқама бойынша өтелмеген және қалпына келтірілмеген сомалар қалдығы бар (қылмыстық іс қозғалған материалдар, соттардың үкімдері бар, азаматтық сот процестері жүргізілуде, өтеу кестесі бар, жеке қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдер берілді және т.б.).

Нәтижесі бойынша қабылданған шаралар:

- 22280,1 мың теңге айыппұлмен 160 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бюджет кірісіне 20172,96 мың теңге қайтарылды немесе 90,5%; 

- 128 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды;

Сотқа берілген талаптардың жалпы саны – 7.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың 9 айында құқық қорғау органдарының қаулылары бойынша маман ретінде тартылған Департамент қызметкерлерімен 58 қорытынды берілді.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында жеке және заңды тұлғалардан 875 өтініш келіп түсті, есепті күнге 790 өтініш қаралды (қанағаттандырылғаны – 463, бас тартылғаны – 252, түсіндірілгені – 37, тоқтатылғаны - 38 өтініш), құзыреті бойынша 31 өтініш қайта бағытталды, анонимді – 4 өтініш, есепті кезеңнің аяғына қалғаны  50 өтініш.

 

Пайдалы ақпарат
Дата публикации: 25.12.2019
Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аудандық демалу орталығында жүргізілген аудит сәйкестігі қорытындысы
Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аудандық демалу орталығында жүргізілген аудит сәйкестігі қорытындысы

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерімен "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Бөрлі аудандық демалу орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бюджет қаражатының жұмсалуында Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақталуы сұрағы бойынша  аудит сәйкестігін жүргізді.

Аудитпен 175,0 мың тенге негізгі мүліктерден жетпестік, 118,5 мың тенгеге есептелінбеген айыппұл және мемлекеттік сатып алу тәсілдерінің дұрыс таңдамау бұзушылықтары анықталып, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 207 бабы 10 тармағынмен 3 және 207 бабы 11 тармағымен 17 барлығы 20  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Аудит қорытындысымен бақылау нысанына Ұсынба енгізіліп, аудит материалдары процессуалды шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жолданды.

Пайдалы ақпарат
Дата публикации: 04.09.2019
  • 1