#Семинар

Қаржылық бұзушылықтардың алдын алу – бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың маңызды қадамы
Қаржылық бұзушылықтардың алдын алу – бюджет қаражатын тиімді  пайдаланудың маңызды қадамы

 Қаржылық бұзушылықтардың алдын алу, бюджеттік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақтан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Онлайн-бюджеттік мониторинг шеңберінде анықталатын бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара барысында қаржылық тәуекелдерді уақтылы анықтауға, бюджеттік операцияларды талдауға және бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық құрал – онлайн-бюджеттік мониторинг жүйесінің мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысушыларға аталған жүйенің негізгі жұмыс істеу тетіктері түсіндіріліп, ұйым қызметкерлеріне еңбекақыны, үстемеақыларды және басқа да төлемдерді негізсіз есептеуге байланысты жиі кездесетін қаржылық бұзушылықтар қарастырылды.

Сонымен қатар заңнама талаптарын қатаң сақтау, растаушы құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз ету және бюджет қаражатының жұмсалуына ішкі бақылауды күшейту қажеттілігіне баса назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушыларға қаржылық тәуекелдерді азайтуға, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыруға және алдағы уақытта осындай бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған практикалық ұсынымдар берілді.

Бұзушылықтардың салдарын анықтаумен ғана шектелмей, олардың алдын алу – мемлекеттік аудиттің негізгі басымдықтарының бірі. Мұндай тәсіл қаржылық тәртіпті нығайтуға, бюджеттік процестердің ашықтығын арттыруға және мемлекеттік ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал етеді.

Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті алдағы уақытта да бюджет қаражатын жауапкершілікпен және заң талаптарына сәйкес пайдалану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

 

Талдамалық мақала
Дата публикации: 11.11.2026
Ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу туралы семинар-кеңес өтті
Ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу туралы семинар-кеңес өтті

2020 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстандағы мемлекеттік аудитті жетілдіру және PEMPAL ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықпен тәжірибе алмасу бойынша "ZOOM" сервисі арқылы семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі К.Ф. Плотников, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Б. Бекетаев, PEMPAL ішкі аудит жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың өкілдері, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі полиция департаменттерінің басшылары (бұдан әрі - ІАҚ), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Аталған семинар-кеңесте мемлекеттік ішкі аудит саласындағы заңнамадағы өзгерістер қаралды, сондай – ақ КОВИД-19 пандемиясы кезінде ішкі аудит жөніндегі мәселелер талқыланды, ішкі аудит тиімділігінің негізгі көрсеткіштері және ішкі аудит сапасын қамтамасыз ету  жөнінде айтылды.

Новости
Дата публикации: 13.11.2020
  • 1