Алдын алу және ашықтық: білім беру жүйесіндегі цифрлық аудит
Ішкі мемлекеттік аудит комитеті білім беру саласындағы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаудың қашықтықтан әдістерін енгізудің келесі кезеңін аяқтады. Осы жұмыс аясында Комитеттің аумақтық департаменттері облыстық білім басқармалары мен білім беру мекемелері өкілдерінің қатысуымен бірқатар кеңестер өткізді.
Кездесулерде қаржылық операцияларды қашықтықтан талдауды енгізудің негізгі аспектілері талқыланды. Қаражатты басқарудың ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және нақты уақыт режимінде ықтимал бұзушылықтарды жедел анықтауға бағытталған «Онлайн бюджеттік мониторинг» жаңа жүйесінің артықшылықтарына ерекше назар аударылды.
Комитет аудитті цифрландыру, процестің негізгі қатысушыларымен өзара іс-қимылды кеңейту және бақылау құралдарын жетілдіру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екендігін растады. Бұл шаралар мемлекеттік қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.