Шығыс Қазақстан облысы мәдениет объектілерінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Департамент 2019-2021 жылдар кезеңінде бюджет және өзге де заңнаманы сақтау мәселесі бойынша «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ ведомстволық бағынысты ұйымдарында (мұражайлар, театрлар) аудиторлық іс-шаралар өткізді.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 13 978,3 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Негізінен, сыйлықақыларды, үстемеақыларды төлеу және ЖЖМ есептен шығару бөлігінде еңбекақы төлеу кезінде қаржылық бұзушылықтарға жол берілді.
Бұдан басқа, жалпы сомасы 85 550,4 мың теңгеге рәсімдік бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік сатып алу саласында жол берілген бұзушылықтар үшін 2 жағдайда ұйымдардың басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Анықталған бұзушылық фактілері бойынша Департаментпен қаржылық бақылауға ден қою шаралары қабылданатын болады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті