
Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2021 жылдың 1 тоқсаны бойынша 50 аудиторлық іс-шара, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік субъектілер арасында 18 іс-шара, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер арасында 2 іс-шара жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 25316,0 млн. теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 16216,3 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2739,3 млн.теңге қаржылық бұзушылықтар және 13477,0 млн. теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
2739,3 млн. теңге анықталған қаржылық бұзушылықтардың ішінен 2723,8 млн. тенге (99,4%) бюджетке өндірілді және қалпына келтірілді, оның ішінде бюджетке өндірілуге жататыны- 293,2 млн. тенге, 293,0 млн. теңге (99,9%) бюджетке өндірілді және 2430,8 млн. теңге жасалынған жұмыстармен, көрсетілген қызметтермен және бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді .
2021 жылдың 1-тоқсанында камералдық бақылаумен жалпы сомасы 181054,8 млн.теңгеге 143141 лот пен жоспар тармақтары қамтылды ( қамту 98,5%-ды құрайды), 784 лот бойынша 19925,1 млн.теңгеге бұзушылықтар аңықталды.
Есепті кезеңде Департаментпен 93 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 6782,0 мың теңге сомасында әкімшілік жаза салынып, толығымен бюджетке өндірілді.
Сондай-ақ аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 1-тоқсанында 51 лауазым тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.