Батыс Қазақстандық департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті

2021 жылғы 2 ақпанда БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті, оған БҚО бойынша ІМАД басшысы Р.А. Турегелдиев, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары Қ. Қ. Қабылбеков , Тергеу басқармасының басшысы Абакаров А.М., Департаменттің мемлекеттік аудиторлары қатысты. Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.