ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолдану барысында туындайтын мәселелер талқыланды

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолдану барысында туындайтын мәселелер талқыланды

Маңғыстау облыстық сотында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолдану барысында туындайтын мәселелер тақыбырында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Карабаев Ержан, Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының міндетін атқарушы Берниязова Гульнара және камералдық бақылау бөлімінің бас маманы, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы мен судьялары, Маңғыстау облысы қаржы басқармасы өкілі қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Берниязова Гульнара қатысушыларға ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолдану барысында туындайтын мәселелердің өзектілігіне және мемлекеттік сатып алуларға тексеру жүргізу барысында орын алатын бұзушылықтар мен жиі кездесетін кемшіліктерге тоқталды.

Дөңгелек үстел соңында аталған тақырып бойынша ұсыныстарын ортаға салынып, сұрақтар қойылып, оларға жауаптар алынды.

Оқиға күні

06 қыркүйек 2024

Оқиға түрі

Дөңгелек үстел