Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс аудиторлары үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кеңес өткізді


Бүгін Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ұжымы үшін Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Б.Әбенов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын ұсына отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша ZOOM видеоконференциясы арқылы семинар-кеңес өткізді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде қоғамдағы, әсіресе аудиторлар арасындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзімділік» қағидаттарын дамытуға баса назар аударылады.
Кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға, сыйлықтар алуға және беруге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және достары мен туыстары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты таратуға бағытталған шаралар қабылдау ұсынылды.
Сонымен қатар, конференцияға қатысушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 154, 676, 677, 680, 681-баптарында көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, кез келген азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алатын 1424 Call-орталығының жұмысы түсіндірілді.
Профилактикалық әсер ету мақсатында кеңеске қатысушыларға сыбайлас жемқорлық туралы бейнероликтер көрсетілді.
20 наурыз 2024
Кеңес