Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің үйымдастыруымен өткізілген семинар

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің үйымдастыруымен  өткізілген семинар

2023 жылдың 10 тамызында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті камералдық бақылау бөлімінің бас мамандары Г.Қ.Бадирова, Қ.Қ. Қарағойшымен облыстағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандарының қатысуымен мемлекеттік сатып алу заңнамалары мен камералдық бақылау қағидасы бойынша семинар-кеңес өткізілді.

 Кеңесте қатысушыларға мемлекеттік сатып алу заңнамалары мен камералдық бақылау қағидасын түсіндіріп, камералдық бақылау барысында жиі кездесетін мәселелер  мен анықталатын бұзушылықтар мен олардың алдын алу және камералдық бақылау жүргізу нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындау тәртібі туралы және қағида бойынша конкурстар өткізу барысында заңнамада көрсетілген талаптарды сақтауды қатаң тапсырып, талаптарды сақтау керектігі туралы айтылды.

Семинардың қалған бөлігінде спикерлер қатысушылардың қойған сұрақтарына толықтай жауап берді.

Оқиға күні

11 тамыз 2023

Оқиға түрі

Семинар