Қаржылық есептілік аудиті саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі бойынша семинар-кеңес


Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маман мемлекеттік аудиторы Темиралиева А.М., бюджеттік бағдарламалар әкімшісі «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемелері және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қатысуымен қаржылық аудит саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша онлайн режимде семинар кеңес ұйымдастырды.
Кеңесте аудит барысында бухгалтерлік есепті жетілдіріліп жатқандығы қателердің түзетіліп, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында елеулі бұрмалаушылықтардың алдын алатыны айтылды.
Кеңес соңында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық тәртібінің жағдайын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.
24 шілде 2023
Семинар