Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде өткен семинар-кеңес


Ағымдағы жылдың 29 маусымында Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнамасының нормаларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілер, мүгедектер қоғамдық бірлестіктері және үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар аясында Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың, тапсырыс берушілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында туындайтын түйткілді мәселелер талқыланды.
Семинар соңында семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.
30 маусым 2023
Семинар