Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаттарын орындау мақсатында, департамент қызметкерлері, облыстың, қалалардың және аудандардың мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушыларымен ZOOM платформа бойынша онлайн режимінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы жиі кездесетін мәселелерін талқылады
Талқылау барысында қатысушыларға бастысы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы», "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алудың қағидалары камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды дұрыс орындауын түсіндірілді.
Сондай-ақ, Жетісу облысында қаралған мемлекеттік сатып алулар саны жарияланды, ол 8574 жоспарлардан құрады, оның ішінде:
- камералық бақылаумен анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1628 хабарлама жолданды;
- заныңда белгіленген мерзімде хабарламалары тиісінше орындамағаны үшін 30 лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік жауапкершілік туралы» Кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланған конкурстық және басқа да құжаттарда шектеулерге және талаптарды негізсіз қиындатып жіберуге қатысты белгілер анықталған жағдайда, басқарма тарапынан қабылданатын шаралар туралы түсіндірмелер берілді.
12 маусым 2023
Конференция