Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында жіберілетін қателіктер» тақырыбында Қарасай ауданы бойынша тапсырыс берушілермен онлайн форматта семинар-кеңес өткізілді

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында жіберілетін қателіктер» тақырыбында Қарасай ауданы бойынша тапсырыс берушілермен онлайн форматта семинар-кеңес өткізілді

Бүгін Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында жіберілетін қателіктер тақырыбында Қарасай ауданы бойынша тапсырыс берушілермен онлайн форматта семинар-кеңес өткізілді.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.

Осылайша семинарға қатысушылардың сұрақтарына Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жауап бере отырып және осы сұрақтар бойынша өрескел қателіктер болдырмауын түсіндіре өтті.

Бүгінгі онлайн форматта өткен семинар-кеңес қатысушыларына көптеген мәліметтер мен ақпараттар жеткізілді.Кеңес қатысушылары Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдеріне алғыстарын білдіріп, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында жіберілетін қателіктердің алдын алуға көмек болғанын айтып жеткізді.

Оқиға күні

07 маусым 2023

Оқиға түрі

Семинар