«Халық заңгері» акциясы

«Халық заңгері» акциясы

Ұлытау облысы Жезқазған қаласында азаматтарға құқықтық көмек көрсету үшін азаматтарды қабылдаудың “Халық заңгері” атты республикалық кең ауқымды акциясы өтті.

Осы акцияға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілі ретінде Байқожаев Дәурен Бақытұлы қатысты.

Іс-шараның міндеті - билік органдарының халықпен тікелей диалог орнатуға деген ұмтылысын көрсету болып табылады.

Іс-шара аясында Департамент өкілі азаматтарға өз құзіреті шегінде түсіндірмелер берілді.

Оқиға күні

29 мамыр 2023

Оқиға түрі

Кездесу