"Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы түсіндіру".


ҚР ҚМ ІМАК Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылғы 12 мамырда сағат 11-де Департамент ғимаратында Павлодар облысының барлық облыстық басқармаларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында бөлімінің басшысы А.К. Жансеитов мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсініктеме берді, сондай-ақ бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу барысында туындайтын проблемалар мен бұзушылықтарды атап өтті. Мемлекеттік сатып алуды дұрыс жүргізу бойынша, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысушылардың біліктілігі мен жауапкершілігін үнемі арттыру қажеттілігі туралы бірқатар ұсыныстар берілді.
Оқиға күні
15 мамыр 2023
Оқиға түрі
Семинар