Бурабай ауданында "Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңашылықтар" тақырыбындағы семинар-кеңес

Бурабай ауданында "Мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі жаңашылықтар" тақырыбындағы семинар-кеңес

Бурабай ауданында ағымдағы жылдың 10 наурызында  Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Бауыржан Сағынжанұлы Қабдыраш және оның орынбасары Шарапа Сейтқасымұлы Сәдуақасов Мемлекеттік сатып алу саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әкімшілік жүктемені және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Талқылау барысында мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдар басшыларының осы саладағы жаңалықтарға қызығушылығы атап өтілді.

Бір көзден сатып алуды қысқарту, оларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дұрыс жүргізуі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысушылардың біліктілігі мен жауапкершілігін тұрақты арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді.

Кездесу соңында Бауыржан Сағынжанұлы осы салада туындайтын проблемалық мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдады.

Жалпы, бұл кездесу жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін де, Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері үшін де «кері байланыс тәртібімен» пайдалы болды.

Оқиға күні

13 наурыз 2023

Оқиға түрі

Семинар