Мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол қозғалысы саласындағы ҚР заңнамасын түсіндіру бойынша семинар-кеңесі

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол қозғалысы саласындағы ҚР заңнамасын түсіндіру бойынша семинар-кеңесі

 

        2022 жылдың 18 сәуірінде Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде жол қозғалысы саласында әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол қозғалысы саласындағы ҚР заңнамасын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізілді.

         Семинарға Алматы облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы әкімшілік тәжірибе бөлімінің аға инспектор-полиция майоры Ғалиева Сания Саятқызы қатысты.

        Семинар шеңберінде Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі  Қ.Момынов ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде белгіленген мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік туралы қызметкерлердің назарына жеткізді.

       Баяндамада Галиева С.С. мемлекеттік қызметшілердің облыстағы жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша статистикалық деректерді ұсынды, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, сондай-ақ жол қозғалысы саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы айтты.

       Жиналыс соңында полиция қызметкерлеріне бірқатар сұрақтар қойылды. Полиция қызметкерлері мемлекеттік қызметшілердің барлық сұрақтарына жауап беріп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Оқиға күні

18 сәуір 2022

Оқиға түрі

Семинар