Қаржылық есептілік аудиті "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген "Қаржылық есептілік аудиті" рәсімдік стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің дұрыстығына негізделген Растауды алу болып табылады.
Бюджет кодексінің 120-2-бабының 1-тармағына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар тиісті қаржы жылындағы бухгалтерлік баланстан, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есептен, таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, түсіндірме жазбадан тұратын облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін жасау және бухгалтерлік есепті жүргізуі мынадай нормативтік құқықтық актілермен регламенттелген:
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысандары мен қағидалары.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 07 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген есеп саясатымен.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларымен.
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарымен.
Қаржылық есептілікті жасау "Е–Қаржымині "ИААЖ" қаржылық және бюджеттік есептілікті жинау және шоғырландыру "ақпараттық платформасы-кіші жүйесінде жүргізіледі.
Аудит жүргізу барысында келесі кезеңдер қарастырылған:
- жоспарлау (ішкі бақылау жүйесін тестілеу; зерттеу әдістерін анықтау (жаппай немесе іріктеп), аудит бағдарламасын жасау және бекіту;
- мәні бойынша аудит жүргізу (аудиторлық дәлелдемелерді жинау, аудиторлық рәсімдер, аудиторлық іріктеу);
- аудитті аяқтау (аудит нәтижелерін жинақтау және оларды құжаттамалық ресімдеу).
Қаржылық есептілік аудитінің басты нәтижесі қаржылық бұзушылықтарды қаржылық есептілік бекітілген кезге дейін анықтап және жойып, оларды жедел ескертуге тиіс.
Бүгінгі таңда аудиттің бұл түрі қоғамның мемлекетке деген сенімін қалыптастырудың алғышарттарын жасайтын Үкімет құралдарының бірі болып табылады.
Қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері бойынша Үкімет дәйекті қаржылық есептілік алады, демек, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жай-күйі туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етілетін болады.
Аудит жүргізуге мемлекеттік органдардың өздері де мүдделі. Қаржылық есептілік ақпаратының дұрыстығын растау инвестициялық және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажет.
Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен нақты уақыт режимінде 2021 жылдың тамыз айынан бастап 2022 жылдың наурыз айына дейін 5 бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен оларға бағынысты мекемелердің қаржылық есептілігі аудит жүргізілді ("Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, "Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ, "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, "Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"ММ," Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі " ММ).
Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері активтерінің жалпы сомасы 31,6 млрд. теңгені құрады, бұл облыстық бюджет балансы валютасының 6,5% - ын құрайды.
Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ведомстволық бағынысты мекемелері мен кәсіпорындары бойынша 15 қарсы тексеру жүргізілді, олар бойынша баланс валютасы 2,1 млрд.теңгені құрайды.
Аудит барысында 22,6 млрд. теңге сомасына бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін бұзушылықтар, оның ішінде 22,2 млрд.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар және 422,6 млн. теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Аудит қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен бюджет кірісіне 18,1 млн.теңге өтелді және есепке алу бойынша 22,2 млрд. теңге қалпына келтірілді.
Аудит нәтижелері бойынша қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп төрт объект бойынша оң деп танылды, өйткені анықталған бұзушылықтар маңыздылықтың белгіленген деңгейінен (2%) аспады.
Бір объект бойынша қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп ескертумен танылды, өйткені аудит барысында 22,0 млрд.теңге сомасына елеулі бұзушылықтар анықталды ("Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ).