Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2021 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Алматы облысының мемлекеттік мекемелерінде, атап айтқанда, "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы", "Талдықорған қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі", "Көксу ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемемелерінде шоғырландырылған қаржылық есептілік аудит жүргізілді.
Аудит нәтижелері бойынша барлығы 20 млрд.теңгеден астам сомаға ауытқулар мен қателер анықталды. Оның ішінде қаржылық – 20 402,1 млн.теңге, рәсімдік-15,1 млн. теңге.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер қаржылық инвестициялар сомасын көрсетпеу, дұрыс есепке алмау, активтерді дұрыс жіктемеу, операцияларды бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетпеу салдарынан жол берілген.
Әкімшілермен қаржылық инвестицияларды есепке алу кезінде жіберілген бұзушылықтардың негізгі бөлігі, осы операциялардың аудиті жалпы сомасы 20 403,1 млн.теңгеге ауытқуларды анықтады.
Сонымен, Мемлекеттік органдардың есебінде ведомстволық бағынысты ұйымдарға мемлекеттік инвестициялардың сомасы көрсетілмейтіні анықталды.
Департаменттің аудиті нәтижесінде көрсетілген мемлекеттік мекемелерде шоғырландырылған қаржылық есептілік жасалғанға дейін және жеке қаржылық есептілік жойылды және жалпы сомасы 20 млрд.теңгеден асатын ауытқулар сәйкестендірілді.
Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті