Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2022 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау шеңберінде түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен, мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша Алматы қаласының тапсырыс берушілері жүзеге асырған 12 836 тексерілген рәсімдердің 266-сында жалпы сомасы 1 763 430,0 мың теңге (БҰС, БКА, ТБ есептемегенде), оның ішінде:
Анықталған бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жіберілді;
Бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламалар мемлекеттік сатып алу қорытындыларын жою немесе қайта қарау жолымен немесе оларды талқылау шеңберінде конкурстық құжаттамалардың жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы толық көлемде орындалды;
Мерзімінде орындалмаған хабарламалар бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 462-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, жалпы сомасы 137 835 теңгеге сотқа қарауға берілді;
2022 жылдың 1 тоқсанында тапсырыс берушілер жіберілген хабарламалар бойынша барлығы 8 қарсылық жолдады, оның ішінде 2 қанағаттандырудан бас тартылды, 6 қаралуда.
Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы - Д.М.Бейсенбеков