Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік аудиторлардың лауазымдық міндеттерінің бірі- кәсіби мінез- құлық әдебінің сақталуы

Мемлекеттік аудиторлардың лауазымдық міндеттерінің бірі-

кәсіби мінез- құлық әдебінің сақталуы

 

            Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез- құлық мәселелеріне үлкен мән беріліп отыр, өйткені мемлекеттік қызметшінің имиджі оның жоғары кәсібилік және жеке құзіреттеріне, моралдық- адамгершілік қасиеттеріне, әдептілік мінез- құлқына негізделген.

            Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексінің талаптарынав сәйкес қызметшілердің жұмыстағы, ұжымдағы, сондай- ақ тұрмыстағы қарым- қатынастарында тәртіптің сақталуына бақылау жан- жақты күшейтіліп отыр.

            Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби мінез- құлқының әдеп нормаларының толық сақталуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп Комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №18-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы  №601 бұйрығымен бірлесіп бекітілген әдеп қағидаларымен реттеледі.

            Мемлекеттік аудиторлардың мінез- құлқының әдеп қағидалары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың тәуелсіздік, объективтілік, кәсіби құзіреттілік, құпиялылық, анықтық, ашықтық, жариялылық, мемлекеттік аудит нәтижелерін өзара тану сияқты негізгі қағидаттарын қолдануға бағытталған мінез- құлықтың моральдық қағидаттарының жүйесін білдіреді.

            Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидалары олардың лауазымдық міндеттерін орындау тиімділігін арттыруға және мемлекеттік аудит саласында моральды қалыптастыруға шақырады, сондай- ақ, ережелерді  білу мен сақталуы олардың кәсіби қызметтерінің сапасын бағалау өлшемшарттарының бірі болып табылады.

Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде мемлекеттік аудиторлар тарапынан әдеп және мінез- құлық нормаларының әрдайым сақталып отырылуын қадағалау персоналмен жұмыс және қызметті қамтамасыз ету бөліміне жүктеліп, әдеп жөніндегі уәкілдің тұрақты бақылауына қойылған.

            Департаментте жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл және Әдеп Кодексінің, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп нормаларын сақталуына түсіндірме, сонымен қатар мемлекеттік аудиторлардың арасында да аудиторлық іс- шараларға шығар алдында сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

            Атап айтқанда, аудиторлардың іс- шараларға шығар алдында оған жауапты тұлға мемлекеттік аудитті жүргізу барысындағы мемлекеттік аудиторға жүктелетін міндеттерді сақтау жөнінде нұсқаулама өткізеді, мемлекеттік аудиторлық есепті және қорытынды жасақтау бойынша басшылыққа алынатын ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық жүргізу Ережесінің талаптарын сақтап орындау туралы жадынамамен таныстырады.

            Әдеп жөніндегі уәкіл өз функциялары шегінде ұжымдағы мемлекеттік қызметшілерге, азаматтарға консультациялық көмек көрсетіп, оң моральдық- психологиялық ахуал қалыптастыру бағытында  әдеп нормаларын бұзудың профилактикалық жұмыстарын, оның ішінде Департамент қызметкерлерінің және аудитпен қамтылған заңды тұлғалар арасында сауалнамалар жүргізіліп, жеке және заңды тұлғалармен олардың өтініштері бойынша кездесулер өткізіп отырады.

            Сонымен қатар, мемлекеттік аудиторлар тарапынан әдепсіз мінез-құлық орын алған жағдайларда жеке және заңды тұлғалар депатаменттің әдеп жөніндегі уәкіліне жүгіне алады.

            Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілінің байланыс телефоны 8(7122) 31 90 47.

 

Атырау облысы бойынша

Ішкі мемлекеттік аудит

департаменті                                                

 

Дата публикации
08 апреля 2020
Дата обновления
08 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Ақпарат
14 октября 2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Мерзімді БАҚ
14 октября 2026
2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы