Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік аудит жүргізілді
Көру саны:10
2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес «Мәртөк ауданының Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметіне аудит жүргізілді.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 45 669,4 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 38 832,3 мың теңге – рәсімдік, 6 837,1 мың теңге – қаржылық бұзушылықтар.
Атап айтқанда, бухгалтерлік есепте 4 980,2 мың теңге дебиторлық берешек және қалдық құны 6 526,8 мың теңгені құрайтын автокөліктері көрсетілмеген. Сондай-ақ 2023–2025 жылдары 38 832,3 мың теңге бюджет қаражаты игерілмей, жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмеген. Тәртіптік жаза қолданылған қызметкерге 251,5 мың теңге сыйақы төленген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша өнім беруші тауарды 5 күнге кешіктіріп жеткізгенімен, 36,7 мың теңге тұрақсыздық айыбы өндірілмеген.
Анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқама нәтижесінде мекеме барлық бұзушылықтарды толық жойып, жауапты қызметкерге ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданды. Сонымен қатар, Департамент тарапынан мекеме басшысына және есепшісіне әкімшілік жаза қолданылды.
16 қараша 2026
16 қараша 2026