«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де мемлекеттік аудит жүргізілді

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелеріндегі деректерді мониторингтеу нәтижелері бойынша «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ қызметіне жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 284 114,2 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтары анықталды.

Аудит барысында тапсырыс беруші мен мердігер ұйым өкілдерінің қатысуымен «Нұр-Ақтөбе» тұрғын алабындағы үш тұрғын үй құрылысы нысанына көзбен шолып тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 284 114,2 мың теңгеге орындалмаған жұмыстар анықталды.

Департамент қабылдаған шаралардың нәтижесінде «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ анықталған бұзушылықтарды тиісті көлемдегі жұмыстарды орындау арқылы толық жойды.

Сонымен қатар, жауапты маманға «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Жарияланған күні

16 қараша 2026

Жаңарту күні

16 қараша 2026

Жарияланымның авторы