Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінде мемлекеттік аудит нәтижесінде 11,5 млн теңгеден астам қаржылық бұзушылық анықталды
Көру саны:14
Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ қызметіне жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының жалпы сомасы 11 531,4 мың теңгеге бұзылғаны анықталды.
Атап айтқанда, іссапар шығыстарын есептеу және аудару дұрыстығын тексеру барысында 2024–2025 жылдары 267,4 мың теңге көлемінде артық төлем жасалғаны анықталды.
Сонымен қатар, автокөліктерді күтіп-ұстауға арналған жанар-жағармай материалдарын жұмсау нормалары сақталмағандықтан, 2024–2025 жылдары 11 263,7 мың теңгеге жанар-жағармай материалдары негізсіз есептен шығарылған.
Департаментпен қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 11 531,4 мың теңге қаржылық бұзушылық толық көлемде бюджет кірісіне өтелді.
Сонымен қатар, мекеменің бас бухгалтері «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
16 қараша 2026
16 қараша 2026