Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 10 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың 10 айында тиісті жұмыстар жүргізді.

Осылайша, Департамент 2026 жылдың өткен кезеңінде барлығы 39 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде: Аудиторлық іс-шаралар тізбесі бойынша – 10, жоспардан тыс – 29, оның ішінде: Комитеттің тапсырмалары бойынша – 11, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 18.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 39 аудиторлық іс-шарада жалпы сомасы 29 290,6 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: жалпы сомасы 17 561,6 млн теңге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде: бюджетке өтелуге жататын сома – 410,9 млн теңге (бюджетке 310,7 млн теңге өтелді, бұл 75,6%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататын сома – 3 290,9 млн теңге (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер арқылы 1 203,0 млн теңге қалпына келтірілді, бұл 36,6%-ды құрайды), бухгалтерлік есеп бойынша бұзушылықтар – 13 859,8 млн теңге (оның 13 741,2 млн теңгесі бухгалтерлік есепте көрсету арқылы қалпына келтірілді, бұл 99,1%-ды құрайды), сондай-ақ 11 729,0 млн теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде 8 548,6 млн теңге сомасында бұзушылықтар анықталды.

Қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге жататын 17 561,6 млн теңге сомасындағы бұзушылықтардың ішінен аудит жүргізу барысында және қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 254,8 млн теңге қалпына келтіріліп, бюджетке өтелді, бұл өтелу деңгейінің 86,9%-ын құрайды.

Тәртіптік жауапкершілікке 36 лауазымды тұлға тартылды. Әкімшілік жауапкершілікке 32 лауазымды тұлға тартылып, оларға жалпы сомасы 15,9 млн теңге айыппұл салынды, оның ішінде 12,9 млн теңге бюджет кірісіне өндірілді.

Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша жүргізілген аудит нәтижесінде анықталды – 13 920,5 млн теңге, бұл жалпы соманың 79,3%-ын құрайды. Комитеттің ішкі мемлекеттік аудит тапсырмалары бойынша – 3 526,2 млн теңге (20,1%), заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 114,8 млн теңге (0,7%).

Қаржылық бұзушылықтар бөлінісінде бұзушылықтардың мынадай түрлері анықталды:

  • бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 13 861,9 млн теңге;
  • орындалмаған жұмыстар және сапасыз орындалған жұмыстар үшін ақшалай қаражат төлеу – 1 423,1 млн теңге;
  • еңбекақы төлеу, іссапар шығыстары мен сыйлықақыларды төлеу кезіндегі бұзушылықтар – 11,6 млн теңге;
  • мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар және өзге де бұзушылықтар – 2 288,2 млн теңге.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Департамент мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылауды жүзеге асырады. Камералдық бақылаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың жолын уақтылы кесу және оларға жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайту.

Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алудың тәуекелдер бейіндері және заңды және жеке тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады.

2026 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша камералдық бақылаумен мемлекеттік сатып алудың 23 226 рәсімі қамтылды. Ұйымдастырушыға/тапсырыс берушіге 1 943 хабарлама жолданды, оның ішінде 1 896 хабарлама орындалды, бұл 97,6%-ды құрайды.

Хабарламаларды уақтылы орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін 66 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, оның ішінде 58 хаттама бойынша әкімшілік жаза қолданылып, өндіріп алынды, 3 хаттама бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты (ҚР ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігінің 2) тармақшасы) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылды, ал 5 хаттама қарау үшін сот органдарына жолданды.

Облыстың тапсырыс берушілері мен ұйымдастырушылары тарапынан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жиі қайталанатын бұзушылықтар:

  1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) конкурстық (аукциондық) құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін талаптарды белгілеуі.Мысалы, құрылысқа қатысы жоқ жұмыстарды сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушіден сметалық құжаттамада көзделмеген материалдық ресурстардың болуын талап етуі.
  2. Демпингтік бағаны есептеу тәртібін заңсыз қолдану немесе қолданбау.
  3. Бағалық ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен шарттарын бұзу, техникалық ерекшелікті қазақ немесе орыс тілінде орналастырмау, мемлекеттік стандартты көрсетпеу.

Сонымен қатар, Департамент өз құзыреті шегінде аудит материалдары, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың материалдары бойынша Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабы) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы) фактілері бойынша әкімшілік материалдарды қарайды.

Осылайша, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департамент тарапынан 554 материал тіркелді, оның ішінде 481 материал қаралып, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданылды, ал 73 материал қарау үшін сотқа жолданды.

Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 95,1 млн теңгені құрады, оның ішінде 78,0 млн теңге бюджет кірісіне өндірілді, бұл 82,0%-ды құрайды.

Жарияланған күні

13 қараша 2026

Жаңарту күні

13 қараша 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты