Камералдық бақылау – заң бұзушылықтардың алдын алу тетігі

Камералдық бақылаудың негізгі мақсаты – мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, қаржылық бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына ықпал ету.

Камералдық бақылаудың басты міндеттеріне мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қашықтан талдау, ықтимал тәуекелдер мен заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтау, сондай-ақ бақылау объектілеріне оларды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру жатады. Бұл бақылау түрі мемлекеттік органдарға бармай-ақ, ақпараттық жүйелердегі деректерді салыстыру және талдау арқылы жүргізіледі.

2026 жылы жалпы сомасы 298 413,9 млн теңгені құрайтын 19 430 мемлекеттік сатып алу лотына камералдық бақылау жүргізілді. Бақылау нәтижесінде жалпы сомасы 11 619,2 млн теңгені құрайтын 851 сатып алу лоты бойынша заңнама талаптарының бұзылғаны анықталып, оларды жою туралы хабарламалар жолданды.

Аталған жұмыстар мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықты нығайтуға, бұзушылықтарды дер кезінде түзетуге және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану тәуекелдерін төмендетуге бағытталған. Камералдық бақылау – мемлекеттік қаржыны басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыратын маңызды бақылау тетіктерінің бірі.

Жарияланған күні

09 қараша 2026

Жаңарту күні

09 қараша 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты