Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде бұзушылықтар анықталды

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің «Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжі» ШЖҚ КМК-да аудиторлық іс-шара жүргізді.

Аудит Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасының талаптарының сақталуы тұрғысынан 2024–2025 жылдар кезеңін қамтыды. Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 290 958,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 798,5 мың теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 290 159,8 мың теңгені құрады.

Аудит барысында 2024 жылы артық қаржыландыру нәтижесінде 320,1 мың теңге сомасында бұзушылыққа жол берілгені анықталды. Сонымен қатар, қызметкерлерді ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алу кезінде пайдаланылмаған күндер үшін демалыс ақысына 478,4 мың теңге сомасында қайта есептеу жүргізілмеген.

Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын қалыптастыру және бекіту кезінде бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды талап ететін жоспарлардың көлемдері 125 610,8 мың теңге және 164 549,0 мың теңге сомалары бойынша бюджетке (даму жоспарына) сәйкес келмеген.

Жалпы сомасы 798,5 мың теңге болатын анықталған қаржылық бұзушылықтар аудит барысында толық көлемде бюджет кірісіне өтелді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылып, бюджетке өтелді.

Басшыға қатысты екі әкімшілік іс жүргізу қозғалып, 129,7 мың теңге сомасында айыппұл салынды. Айыппұлдар бюджетке толық көлемде төленді. Колледждің бас бухгалтеріне «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

Жарияланған күні

02 қараша 2026

Жаңарту күні

05 қараша 2026

Жарияланымның авторы