2026 жылдың 9 айындағы Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметінің қорытындысы

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындысын шығарды.

Есепті кезеңде жалпы қамту сомасы 24,3 млрд теңгені құрайтын 35 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде 15-і жоспарлы және 20-сы жоспардан тыс.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша бюджет және өзге де заңнама талаптарының жалпы сомасы 14,7 млрд теңгеге бұзылғаны анықталды. Оның ішінде 3,5 млрд теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар және 11,2 млрд теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2,9 млрд теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтар жойылды, оның ішінде 80,4 млн теңге бюджетке өтелді, 1,3 млрд теңге қалпына келтірілді, 1,6 млрд теңге бухгалтерлік есепте көрсетілді.

Мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 33 нұсқама жолданды. Оның 23-і аудит объектілері тарапынан толық көлемде орындалды, ал 10 нұсқама бойынша орындау мерзімі әлі аяқталған жоқ немесе объективті себептерге байланысты ұзартылды.

Прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл аясында 10 қорытынды дайындалып, олардың нәтижелері бойынша 43,8 млн теңге сомасында бұзушылықтар анықталды.

Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және өткізу кезеңдерінде заңнама талаптарының сақталуын және ықтимал бұзушылықтарды анықтау мақсатында камералдық бақылаумен 64 443 лот қамтылды.

2026 жылдың 9 айында әкімшілік практика шеңберінде Департамент жалпы сомасы 85,2 млн теңгені құрайтын 700 әкімшілік іс қозғады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 84 млн теңге өндіріліп, бұл салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасының 98,5%-ын құрады.

Онлайн-бюджеттік мониторинг шеңберінде жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден асатын тәуекелдер анықталған 7 733 төлем бойынша 140 хабарлама жолданды. Қарау нәтижелері бойынша 26,9 млн теңге сомасындағы тәуекелдер расталды.

Есепті кезеңде Департаментке азаматтар мен заңды тұлғалардан 2 027 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1 455-і өтініштер, 426-сы шағымдар, 13-і ұсыныстар және 133-і өзге де өтініштер (хабарламалар, сұрау салулар және пікірлер).

Департамент бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің негізді пайдаланылуын бақылау бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл ретте бұзушылықтардың алдын алу және оларды нақты уақыт режимінде анықтау мақсатында аудиттің цифрлық құралдары белсенді қолданылуда.