Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен ішкі аудит қызметтерімен өзара әрекеттесу туралы

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" ҚР Заңына сәйкес ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіру мақсатында ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) ШҚО әкімі аппаратының және ШҚО полиция департаментінің Ішкі аудит қызметтеріне тұрақты негізде консультациялық көмек көрсетеді.

2026 жылғы қаңтарда Департамент ШҚО әкімі аппаратының ішкі мемлекеттік аудит қызметінің мамандарымен семинар - кеңес ұйымдастырды, оның барысында 2025 жылғы сапаны бақылау қорытындылары бойынша ескертулер зерделенді және осындай ескертулерге жол бермеу бойынша ұсынымдар берілді.

2025 жылы ШҚО әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі 20 аудиторлық іс-шара өткізді (білім беру, денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы саласында). Департамент 18 материалдың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне бақылау жүргізді, оның қорытындысы бойынша 17 материал ескертулермен сәйкес деп танылды және 1 материал мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылды.

2026 жылға ШҚО әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі 18 аудиторлық іс-шара өткізуді жоспарлады, ағымдағы жылдың 9 айында 14 аудит материалдарының сапасына бақылау жүргізілді, олар ескертулермен сәйкес деп танылды.

Жарияланған күні

29 қазан 2026

Жаңарту күні

30 қазан 2026

Қызмет бағыты