Бақылау тиімділігі: Алматы қаласындағы аудит нәтижелері
Көру саны:6
Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылдың 9 айында 31 аудиторлық іс-шара өткізіп, жалпы сомасы 305 259,5 млн теңге болатын бұзушылықтарды анықтады.
Бұл 153 333,6 млн теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтарды және 151 925,8 млн теңге сомасындағы рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарды, оның ішінде 3 358,9 млн теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтарды қамтиды.
Қабылданған ден қою шаралары аясында бюджетке 81 391,3 млн теңге өтелді, қалпына келтірілді және есепке алынды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 45,3 млн теңге сомасына 217 әкімшілік іс қозғалып, оның ішінен бюджет кірісіне 45,3 млн теңге сомасы өндірілді, сондай-ақ 235 лауазымды тұлға, оның ішінде басшылық құрамнан 2 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ 1 352 279,2 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілді. Анықталған бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою туралы 3 402 хабарлама жіберілді.
Қазақстан Республикасының бюджеттің атқарылуы саласындағы заңнамасы нормаларының сақталмауы бюджеттің әзірленуі мен атқарылуының, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді пайдаланылуының бұзылуына әкеп соқты.
Тиімділікті арттыру және қызметті жетілдіру үшін объектілерге — мекеме басшыларына және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ұсынымдар берілді. Бұл шаралар бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуы үшін ашықтықты, тиімділікті және жауапкершілікті арттыруға бағытталған.
22 қазан 2026
22 қазан 2026