Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Медициналық мекемелердегі жабдықтардың сапасы емдеу тиімділігінің ғана емес, сонымен қатар пациенттердің қауіпсіздігінің де мәселесі болып табылады.

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Павлодар облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар қалалық № 3 ауруханасы» КМК-ға (бұдан әрі – Кәсіпорын) қатысты аудиторлық іс-шара жүргізді.

Аудиторлық іс-шара жеткізушілермен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар шеңберінде медициналық жабдықтарды, атап айтқанда пациенттерге арналған каталкалар мен механикалық жетегі бар пациенттердің төсектерін сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары мен талаптарына сәйкестігін белгілеу мақсатында жүргізілді.

Тексеру объектісі Кәсіпорынның сатып алу рәсіміне, жеткізілген жабдықты қабылдап алуға және жасалған шарттар бойынша төлем жүргізуге байланысты қаржы-шаруашылық операциялары, сондай-ақ жеткізушілердің жеткізілетін тауарлардың тендерлік құжаттамада мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкестігі бөлігінде өздеріне қабылдаған шарттық міндеттемелерін сақтауы болды.

Аудиторлық іс-шараны өткізу барысында Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі белгілеген талаптардың сақталуын толық көлемде қамтамасыз етпегені анықталды.

Анықталған бұзушылықтар кешенді сипатқа ие және Кәсіпорын лауазымды тұлғалары тарапынан жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін тиісінше орындауына бақылау деңгейінің жеткіліксіз екенін көрсетеді. Атап айтқанда, мынадай фактілер анықталды:

-Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің талаптарын бұзу. Кәсіпорын жеткізу шарттарының тарапы ретінде жеткізілетін жабдықтың жасалған шарттар мен техникалық ерекшеліктерде көзделген шарттарға сәйкестігіне тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген. Тауарды қабылдау оның белгіленген талаптарға сәйкестігіне тиісті тексерусіз жүзеге асырылған, бұл тауарларды саны мен сапасы бойынша қабылдау тәртібін реттейтін нормалардың бұзылуы болып табылады.

-Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің талаптарын бұзу. Кәсіпорын тендерлік құжаттамада мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін медициналық жабдық үшін төлем түрінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берген. Төлем шарт талаптарының сәйкес келмеу фактісі ескерілмей толық көлемде жүргізілген.

-Жеткізілген тауардың техникалық ерекшелікке сәйкес келмеуі. Жеткізушілер медициналық жабдықты – пациенттерге арналған каталкалар мен механикалық жетегі бар пациенттердің төсектерін жеткізу жөніндегі міндеттемелерін тиісінше орындамаған. Жеткізілген тауарлар сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде Кәсіпорынның техникалық ерекшелігінде көрсетілген сипаттамаларға толық көлемде сәйкес келмейді.

Көрсетілген мән-жайлар Кәсіпорынның мәлімделген техникалық талаптарға сәйкес келмейтін жабдықты қабылдауына, сондай-ақ жасалған шарттар бойынша негізсіз төлем жүргізуіне әкеп соқтырды.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың жалпы сомасы 39 338,7 мың теңгені құрады. Тексеру жүргізу барысында көрсетілген сомаға тендерлік құжаттамада мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін медициналық жабдықты төлеу салдарынан бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға байланысты қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Қаржылық бұзушылықтардан басқа, аудит барысында рәсімдік бұзушылықтар да анықталды.

Аудиторлық іс-шараны жүргізу кезеңінде Кәсіпорынмен бюджет кірісіне 24 000,0 мың теңге сомасында қаражат өтелді, бұл анықталған бұзушылықтарды ерікті түрде ішінара жою жөнінде шаралар қабылданғанын көрсетеді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша Кәсіпорынның атына анықталған бұзушылықтарды жою және жоғарыда аталған бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдау бөлігінде олардың жауапкершілігін қарау туралы ұйғарым жіберілді.

Ағымдағы күнге анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұйғарымды Кәсіпорын толық көлемде орындады.

Жарияланған күні

20 қазан 2026

Жаңарту күні

20 қазан 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты