Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Көру саны:11
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар.Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 26 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 6, жоспардан тыс – 20, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 8, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 12.
Жүргізілген 26 аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 13 329,9 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 8 361,1 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 307,6 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады (307,6 млн.теңге бюджетке өтелді, бұл 100%-ды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 1 160,4 млн.теңге (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені 100% құрайды), 6893,1 млн. теңгесі - бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар (бухгалтерлік есеп бойынша 100% көрсеткішпен қалпына келтірілді).
Бюджетке қалпына келтірілуге және өтелуге тиіс бұзушылықтардың 8 361,1 млн теңге сомасының ішінде, аудит барысында және қабылданған шаралардың нәтижесінде 8 361,1 млн теңге қалпына келтіріліп, бюджетке өтелді, яғни өтелу көрсеткіші 100%-ды құрайды.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 30 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 13,1 млн теңге сомасында 27 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі таңда бюджет кірісіне 10,0 млн теңгесі өтелді.
Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 6 910,4 млн.теңге (бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 5 747,9 млн. теңге) бұл 82,6%, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 1 341,0 млн.теңге – 16,0%, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша аудит жүргізу кезінде анықталды – 109,8 млн.теңгеге, яғни 1,3% құрайды.
Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:
бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 6 895,2 млн.теңгеге;
орындалмаған жұмыстар, көрсетілмеген қызметтер және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 1 358,6 млн.теңгеге;
жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 4,3 млн.теңгеге;
мемлекет активтерін пайдаланудағы бұзушылықтар және басқа да бұзушылықтар – 103,0 млн теңгеге анықталды.
2026 жылдың өткен кезеңінде 21 248 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізілген. Нәтижесінде ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге анықталған бұзушылықтарды жою туралы 1822 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 1777 хабарлама уақытылы орындалды, яғни 97,5%.
Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін, 64 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды, оның ішінде 52 хаттама бойынша айыппұл салынды және өндірілді, 3 хаттама бойынша іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды (ӘҚБтК 741-бабы 1-бөлігі 2-тармағы, әкімшілік бұзушылық құрамының болмауы), 9 хаттама соттың қарауына жолданды.
Сонымен қатар, Департамент өз құзіреті шегінде аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша, ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы зңнамасы (ҚР Кодексінің 238 бабы) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы (ҚР Кодексінің 207 бабы) бойынша әкімшілік істерді қарайды
2026 жылдың өткен кезеңінде Департаментте барлығы 464 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 398 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар алынған, 66 материал соттың қарауына жолданды.
Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 72,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде бюджет кірісіне 63,9 млн теңге өндірілді, бұл 88,0% құрайды.
15 қазан 2026
20 қазан 2026