Алакөл аудандық орталық ауруханасында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде 74,1 млн теңге сомасында бұзушылықтар анықталды
Көру саны:3
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті квазимемлекеттік сектор субъектісінің бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау мәселесі бойынша «Алакөл аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да аудиторлық іс-шара жүргізді.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 74 099,0 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:
- 18 115,1 мың теңге — жалақыны негізсіз есептеу және аудару;
- 55 984,3 мың теңге — медициналық қызметтер көрсетуге байланысты бұзушылықтар.
Анықталған фактілер жалақыны есептеу және төлеу, шығыстардың негізділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталуы бойынша тиісті бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит материалдары анықталған фактілерге құқықтық баға беру және тиісті процестік шешім қабылдау үшін Жетісу облысының құқық қорғау органдарына жолданды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді пайдаланудың заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге, қаржылық тәртіпті нығайтуға және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Ішкі мемлекеттік аудит органдарының қызметі бұзушылықтарды уақтылы анықтауға, тиісті ден қою шараларын қабылдауға және мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану үшін жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.
13 қазан 2026
20 қазан 2026