«Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-дегі аудиторлық іс-шараның нәтижелері

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес «Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2024–2026 жылдар кезеңінде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау және пайдалану мәселесі бойынша сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 157 269,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.Негізгі бұзушылық: «Федоровка ауылындағы Пушкин көшесінің жолдарын орташа жөндеу» объектісін қабылдау актісіне қол қойылғанымен, мердігер мен техникалық қадағалау ұйымы алдындағы 155 001,6 мың теңге сомасындағы кредиторлық берешек есепте көрсетілмеген. Бұл қаржылық есептіліктің дәйексіздігіне әкелді. Өтелмеген берешек болғанына қарамастан, қызметкерлерге 1 726,5 мың теңге сомасында сыйлықақы төленген, бұл оларды төлеу шарттарына қайшы келеді.

Сондай-ақ қызметкерге 321,3 мың теңге мөлшерінде негізсіз үстемеақы төленгені және жанар-жағармай материалдарының 219,7 мың теңгесі негізсіз есептен шығарылғаны анықталды. Коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалану туралы бес шарт негізсіз жасалған, берілген техника туралы мәліметтер мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілмеген. Басшымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалмаған.Бұзушылықтар заңнаманы жеткілікті білмеуден және бақылаудың тиісінше жүзеге асырылмауынан орын алған.

Аудит объектісіне бұзушылықтарды жою және бюджет қаражатын қалпына келтіру туралы нұсқама жіберілді. Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Жарияланған күні

12 қазан 2026

Жаңарту күні

20 қазан 2026

Жарияланымның авторы
Қызмет бағыты