2026 жылғы 6 айында Департамент әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 210 хаттама жасады, оның ішінде 120 хаттама қарау үшін сотқа жолданды.
90 материал бойынша Департамент жалпы сомасы 17 072 935 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салды, олар толық көлемде өндірілді, оның ішінде:
мемлекеттік сатып алу саласындағы 60 әкімшілік құқық бұзушылық ісі, жалпы сомасы 10 542 185 теңге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 207-бабында көзделген. Негізгі бұзушылықтар тапсырыс берушілердің жеткізушілерді жосықсыз қатысушылар тізіліміне еңгізу бойынша шаралар қабылдамауына, сондай-ақ жекелеген жеткізушілерге артықшылықтар беруіне байланысты;
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама саласындағы 29 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралып, 6 271 250 теңге сомасында айыппұл салынды (ҚР ӘҚБтК-нің 238, 239-баптары). Бұзушылықтар бухгалтерлік есептің тиісті түрде жүргізілмеуінен туындаған.
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы саласындағы 1 әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша сомасы 259 500 теңге айыппұл ҚР ӘҚБтК-нің 247-бабымен салынды.
Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерде қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде қолдануда. Бұл әкімшілік іс қозғалған тұлғаға айыппұл сомасының 50 пайызын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.