Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2025 жылғы 1 тоқсан қорытындысы
Көру саны:21
2026 жылдың бірінші тоқсаны қорытындысы бойынша Департамент 8 аудиторлық іс-шара өткізді, оның нәтижесінде жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 1,3 млрд теңге.
Қаржылық бұзушылықтардың ең үлкен көлемі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыл шаруашылығы салаларында анықталды. Олар негізсіз субсидиялар төлеу, орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу, сондай-ақ техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарларды сатып алу түрінде көрініс тапты.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде де жиі бұзушылықтарға жол беріледі.
Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджетке 357 млн теңге өтелді, 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Анықталған бұзушылықтар бойынша Департамент 13 әкімшілік іс қозғады. Олардың нәтижесінде жалпы сомасы 1,9 млн теңгеге айыппұлдар салынды және олар толық көлемде бюджетке өндірілді.
Бұдан бөлек, онлайн бюджеттік мониторинг барысында жалақы түрінде негізсіз аударылған 2,1 млн теңге көлеміндегі қаражат анықталды. Аталған қаражат бюджетке қайтарылды.
21 сәуір 2026
21 сәуір 2026