Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті №2 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жоспардан тыс аудиторлық іс-шара жүргізді.
Аудит тағайындауға негіз ретінде «Онлайн бюджет мониторингі» модулінен алынған спорт ұйымы қызметкерлерінің карт-шоттарына жалақы мен лауазымдық айлыққа қосымша төлемдер түрінде аударылған тәуекелді төлемдер жөніндегі деректер алынды.
Атап айтқанда, аудит нәтижесінде лауазымдарды келісімсіз қоса атқарғаны үшін негізсіз төлемдер, сауықтыру жәрдемақысының артық төленуі және аванстар лимитінің асырылуы жалпы 5 млн теңге сомасына расталды.
Жекелеген жағдайларда қосымша жұмыс бойынша еңбекке қабылдау кезінде қажетті құжаттардың болмауы, hr.enbek.kz ақпараттық жүйесінде еңбек шарттары туралы мәліметтердің тіркелмеуі, сондай-ақ кейбір қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақысының толық көлемде төленбеуі нәтижесінде 1,7 млн теңге сомасында кем төлемдер анықталды.
Нәтижесінде аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою және жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарастыру міндеттелді.
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті әлеуметтік сала ұйымдарында заңсыз төлемдердің алдын алу мақсатында онлайн бюджет мониторингінің әлеуетін пайдалануды жалғастыратын болады.