Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың алғашқы тоғыз айындағы ІМАК қызметіне шолу

Бүгінгі күні Комитет 905 тексеру жүргізіп, олардың аясында жалпы сомасы 2 трлн теңгеден асатын бюджет қаражаты қамтылды. Тексерулер барысында 348,3 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтардың 310,4 млрд теңгесі немесе жалпы соманың 89,1%-ы қалпына келтірілді.

Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы – бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектесетін негізгі қағидаттардың бірі. Осыған байланысты камералды бақылау арқылы 12,4 трлн теңгеге жүргізілген сатып алулар тексеріліп, нәтижесінде 1,2 трлн теңге көлеміндегі бұзушылықтардың жолы анықталды.Сонымен қатар, 28 жағдайда шығын операцияларын тоқтату бойынша қаржылық әрекет ету шаралары қабылданды.

Құқық қорғау органдарына жалпы 13,0 млрд теңгеге 62 материал жолданып, олардың 42-сі бойынша қылмыстық істер қозғалды, 854 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды, 717,3 млн теңге сомаға 6 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды.

 «Онлайн бюджет мониторингі» модулі аясында әзірленген тәуекел критерийлері бойынша білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларында жалақы түріндегі жеке тұлғалардың карт-шоттарына заңсыз төлемдердің 139 375 жағдайы анықталды.

Мониторинг объектілеріне 72  млрд теңгеге төлемдерді қайта қарау талабымен хабарламалар жіберілді. 

Бүгінгі таңда 1 377,8 млн тенге расталып, бюджетке 871,5 млн теңге өтелді.

 

 

Дата публикации
26 ноября 2025
Дата обновления
01 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы