Меню

Страницы

Статья

Көрінбейтін миллиондық аялдамалар

Көрінбейтін миллиондық аялдамалар


Бұл жолы мемлекеттік аудиттің назарында — Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Аудит нәтижелері қоғамда алаңдаушылық туғызып отыр: қағаз жүзінде орындалған жұмысқа миллиондаған теңге бөлінген, ал шын мәнінде – ештеңе салынбаған.

Аудиторлардың мәліметінше, қала көшелеріне 39 автобус аялдамасын орнату туралы келісімшарт аясында бөлім мамандары өрескел заңбұзушылықтарға жол берген. Есептерде аяқталған деп көрсетілген жұмыстар нақты орындалмаған. Басқаша айтқанда, аялдамалар тек есеп беруде ғана «орнатылған», ал мемлекеттік қазынадан қомақты қаржы шығындалған.

Сандарға көз жүгіртейік:
— 2,7 млн теңге — мүлдем орнатылмаған аялдамаларға төленген;
— 4,9 млн теңге — негізсіз «күтпеген шығындар» мен атқарылмаған жұмыстарға кеткен;
— 6,7 млн теңге — уақытша ғимараттар мен құрылымдарға жұмсалған, бірақ олардың нақты бар-жоғы белгісіз.

Жалпы шығын көлемі — 14,4 млн теңге. Бұл қаржыға аялдамалар толықтай орнатылып қана қоймай, қаладағы қоғамдық көлік инфрақұрылымының бір бөлігі жаңартылар еді. Ал әзірге жезқазғандықтар жаздың аптабында да, қыстың аязы мен боранында да аялдамасыз тұр.

Аудит қорытындысы бойынша қаржылық заңбұзушылықтарды жою және бюджетке шығынды өтеу туралы нұсқама берілген. Бұл нұсқаманың орындалу мерзімі әлі келмеген.

Бұл оқиға — жай ғана салақтық не жемқорлық жайлы кезекті әңгіме емес. Бұл — халықтың жергілікті билікке деген сеніміне соққы және қарапайым халықтың игілігі үшін бөлінген қаражаттың қалайша ізім-ғайым жоғалатынының айқын көрінісі.

Дата публикации
26 июня 2025
Дата обновления
26 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы