Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті бухгалтерлік есеп пен аудиторлық қызмет саласында бақылауды күшейтеді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (әрі қарай - Комитет) аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік салаларындағы бақылау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет аталған салалардағы талаптар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асырады.

Профилактикалық бақылаудың мақсаты «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» және «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақтауын бақылау болып табылады.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Комитет тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі негізінде профилактикалық бақылау субъектілерінің тізімін құрды.

Бекітілген тізім шеңберінде 9 аудиторлық ұйымда және 52 жария мүдделі ұйымдарда бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың қорытындысымен көптеген бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, 9 аудиторлық ұйымда тексеру парағының 8 тармағы бойынша 24 бұзушылық анықталды. Жария мүдделі ұйымдарда 42 822,3 млн.теңге сомасында бұзушылықтар анықталды: оның ішінде 6 334,0 млн.теңге қаржылық нәтижеге әсер ететін және 36 488,3 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Бақылау нәтижелері бойынша Комитет бұзушылықтарды жою бойынша нұсқаулар және ұсынымдар бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жіберді.

Комитет профилактикалық бақылау субъектілерінің тізіміне сәйкес бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Дата публикации
29 августа 2024
Дата обновления
29 августа 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы