Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылдың 01 тамызынан 2024 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңде қаржылық есептілік аудитін жүргізді: «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ;«Жетісу облыстың денсаулық сақтау басқармасы» ММ; «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ.
Аудит аудит объектілерінің қаржылық есептілікті жасау және ұсыну процесінің алдын алу және мемлекеттік аудиторлармен сүйемелдеу қағидатын көздейтін жаңа әдістеме бойынша жүргізілгенін атап өту қажет, бұл ретте анықталған бұзушылықтар аудит барысында жойылды, бұл бұрмалаусыз сенімді қаржылық есептілікті жасауға және ұсынуға ықпалын тигізді.
Сонымен қатар, аудит объектілерінде жүйелі бұзушылықтар (ұзақ мерзімді міндеттемелер бухгалтерлік баланста көрсетілмеген) және бұрмаланған қаржылық есептілікті ұсынуға әкеп соғатын себептер екені белгілі.
Жүргізілген қаржылық есептілік аудитінің қорытындысы бойынша барлығы 6 062 516,0 мың теңге сомасында бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 4 761 679,1 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде: есепке алу бойынша көрсетілуге жататыны 4 761 679,1 мың теңге, есепке алу бойынша көрсетілді және 1 300 836,9 мың теңге сомасына рәсімдік бұзушылықтар.
Осыған байланысты департаменттің мемлекеттік аудиторлары Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің нормалары мен ережелерін бірыңғай қолдану мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізді.
Нәтижесінде аудит объектілері бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне дұрыс есептілік, сондай-ақ лауазымды тұлғаларды «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген әкімшілік жауаптылықтан босату болып табылады.
Алайда, аудит барысында жоюға болмайтын бұзушылықтар анықталды.
Осылайша, жойылмайтын бұзушылықтарға жол бергені үшін аудит объектісінің 5 лауазымды тұлғаларына 1015,3 мың теңге сомасына әкімшілік жаза қолданылды, және бюджет кірісіне толығымен өндірілді.