Меню

Страницы

Статья

Жария мүдделi ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1173 Қаулысымен бекітілген «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың 4 тармағы бойынша – ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті береді.Қайтадан құрылған ұйымдар ол тіркелген сәттен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген Қағидада қаржылық есептілікті тапсыру туралы негізгі көрсеткіштері келтірілсе, Қазақстан Республдикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 239 және 250 баптарында қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау және мiндеттi аудит жүргізуден жалтару әкімшілік жаза қолдану қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен жүргізілген талдаумен 2018 жылы  біздің облысымыз бойынша 17 жария мүдделi ұйымдар (бұдан әрі- ЖМҰ)  қаржылық есептілікті депозитарийге қаржылық есептілікті,  оның ішінде 13 - ұйым қаржылық есептілікті, 4  - ұйым  аудиторлық есептілікті ұсынбаған.

Департаментпен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 239 бабымен 10 ұйым  қаржылық есептілікті, 250 бабымен 2 ұйым аудиторлық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийне ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  Бұндай бұзушылықтарды жібермеу үшін барлық жария мүдделі ұйымдар  Депозитарийға есептілікті уақытылы ұсыну үшін  тиесілі шаралар қабылдаулары тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудит жүргізу міндетті ұйымдар уақытылы қаржылық есептілік аудитін жүргізу   кажет. 

Дата публикации
17 марта 2020
Дата обновления
17 марта 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Ақпарат
14 октября 2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ақмола облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Онлайн бюджеттік мониторинг" модулі арқылы жалақы төлеудің жүргізілген мониторингінің нәтижелері
Мерзімді БАҚ
14 октября 2026
2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы