Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) Текелі қаласы әкімдігінің «Текелі су құбыры» ШЖҚ МКК-не (бұдан әрі-Кәсіпорын) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізу бойынша шарттар жасасу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормаларын сақтау мәселесі бойынша жоспардан тыс сәйкестік аудиті жүргізілді.
Аудит нәтижелері бойынша Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларында көзделмеген Мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылмаған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынғаны анықталды.
Сонымен қатар, Кәсіпорын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді келісімшарт жасаспай сатып алған жағдайлар анықталған.
Осылайша, Кәсіпорын «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 10-тармағы бұзылып, жалпы сомасы 47 509,9 мың теңге анықталды.
Сонымен қатар, белгіленген бұзушылықтар бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 207-бабының 11-бөлігіне сәйкес Кәсіпорын басшысына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырылды