Жеке тұлғаның өтініші негізінде, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 12 балабақша-бастауыш мектеп "кешені" КММ-не сәйкестік аудитін жүргізді.
Аудит нәтижелері бойынша 691,8 мың теңге сомасына тауарлы-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі, 450,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берілді, материалдық құндылықтарды растаушы құжаттарсыз негізсіз есептен шығару фактілері анықталды. Қабылданған шаралармен сома толық өтелді.
Бір көзден алу тәсілімен шарттарды жасасу және орындау негізділігіне жүргізген аудитпен техникалық ерекшелікте, онда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары көрсетілуі тиіс, мемлекеттік сатып алу туралы жекелеген шарттар бойынша қандай да бір талап етілетін сипаттамаларсыз көрсетілетін қызметтің немесе тауардың атауы ғана көрсетілген фактілер анықталған.
Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жіберілді. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген ұйымның бұрынғы лауазымды адамдарына қылмыстық іс қозғалды.