2023 жылдың 9 айлық Департаменттің мемлекеттік аудиторлары 59 аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында 14 445,8 млн.теңге қамтылды.
10 573,5 млн.теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 3 539,2 млн. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 7 034,3 млн. теңге. Сонымен қатар, 926,2 млн.теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауды бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық іс – шаралардың қорытындысы бойынша қалпына келтіруге, бюджетке өтеуге жататын бұзушылықтардан 3 539,2 млн.теңге сомасында қалпына келтірілді және өтелді – 3 376,1 млн. теңге немесе 95,4%.
Жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 60 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдарына 72,6 млн.теңге сомасына 2 аудит материалдары жіберілді.
Жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 27,2 млн.теңгеге айыппұл түрінде 407 әкімшілік жаза қолданылды, бюджетке 24,9 млн. теңге өндірілді.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 26 991,9 млн.теңге сомасына 1904 хабарлама жіберілді.