«Шыңғырлау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
"Шыңғырлау ауданы әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі
Аудит іс шараларымен барлығы 3921,2 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның 176,6 мың теңгесі бюджетке өндіріліп, 3 744,6 мың теңгесі есеп бойынша көрсету арқылы қалпына келтірілді.
Мекеменің бас есепшісі ҚР ӘҚБтК 238-бабының 1-бөлігі бойынша 69,5 мың теңгеге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке, лауазымды қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
"Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты"мемлекеттік мекемесі
Аудитпен барлығы 5676,7 мың теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталып, оның 53,0 мың тенгесі бюджет кірісіне өндіріліп, 5623,7 мың теңгесі есептілікте көрсету арқылы қалпына келтірілді.
ҚР ӘҚБтК –тің 238 бабы 1 тармағымен бас есепші 69,4 мың теңге, селолық округ әкімі ҚР ӘҚБтК тің 207 бабы 13 тармағымен 20,8 мың теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкерлілікке тартылды.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бәйтерек аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Аудит іс шараларымен 2497,8 мың теңге сомасында рәсімдік сипаттағы соның ішінде 2497,8 мың теңге мемлекеттік сатыпа алу қорытындысына ықпал ететін бұзушылықтар анықталды. Өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін кәсіпорын маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөкей ордасы аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Жоспардан тыс аудит іс шараларымен 769,8 мың тенгеге мемлекеттік сатып алулардан рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Кәсіпорын директорына ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 138,9 мың теңге айыппұл төленіп, кәсіпорынның бас есепшісі өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін "ескерту" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "М.Б. Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Жоспардан тыс мемлекеттік сатып алу шартын тікелей жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауға қатысты мәселе бойынша жүргізілген аудмит іс шараларымен бұзушылықтар анықталмады.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі
Жоспардан тыс мемлекеттік сатып алу шартын тікелей жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауға қатысты мәселе бойынша жүргізілген аудмит іс шараларымен бұзушылықтар анықталмады.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бәйтерек аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Аудитпен 263,4 мың теңге сомасына рәсімдік сипаттағы мемлекеттік сатып алудың бұзушылықтары анықталды. Кәсіпорын директорына ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 138,9 мың теңге айыппұл салынып, төленді.
Кәсіпорын маманы өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімі"республикалық мемлекеттік мекемесі
Жоспардан тыс аудитпен 325,0 мың теңге сомасына рәсімдік сипаттағы мемлекеттік сатып алудың бұзушылықтары анықталды. Жіберілген бұзушылықтар үшін мекеме басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 138,9 мың теңге айыппұл төленді.
Орал қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Кешкі (ауысымды) жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Аудит іс шараларымен 3585,0 мың теңге сомасына рәсімдік сипаттағы мемлекеттік сатып алудың бұзушылықтар, бұдан басқа 381,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталып 381,6 мың теңгесі толықтай бюджет кірісіне өндірілді.
Жіберілген бұзушылықтар үшін мекеме басшысына ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабының 13-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 41,6 мың теңге айыппұл төленді, мекеменің бас есепшісі өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
"Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"мемлекеттік мекемесі
Аудит іс шараларымен 1229,3 мың теңгенің құрылыс монтаж жұмыстарының орындалмағаны анықталды, аудит материалдары процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Бөкей ордасы ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі
Жоспардан тыс аудит іс шараларымен 401,7 мың теңге сомасына рәсімдік сипаттағы мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар анықталып, мекеме есепшісі өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
"Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Жоспардан тыс аудитпен 1633,5 мың теңге сомасында рәсімдік сипаттағы мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар анықталды, мекеменің лауазымды тұлғасы өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
"Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Аудитпен мердігер 16 100,4 мың теңгенің құрылыс монтаж жұмыстарын тиесілі дәрежеде орындамандығы анықталып аудит қорытындысымен 16 100,4 мың теңгенің жұмыстарын орындау арқылы қалпына келтірілді.
Мекеменің бас маманы өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тасқала ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тасқала аудандық демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Аудит іс шараларымен 5038,0 мың тенгеге рәсімдік сипаттағы мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар, 8989,3 мың теңгеге республикалық бюджетке өндіруге жататын қаржылық бұзушылықтар анықталды. Өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін кәсіпорын бас есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Республикалық бюджеттен 8989,3 мың теңге сомасын қаржыландыру сомасынан азайту мәселесі туралы аудит нысанымен аудандық экономика және қаржы бөліміне тиесілі хаттар жіберіліп шаралар қабылдануда.
Тасқала аудандық білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Аудитпен 12 426,4 мың теңге сомасында қаржылық бұзушылықтар анықталды, соның ішінде 10861,6 мың теңге республикалық бюджетке өндіруге жатады, 1564,8 мың теңге жұмыстардың орындалуымен қалпына келтілді. Сондай-ақ 4 323,3 мың теңге сомасында рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды. Мекеменің бас есепшісі өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Республикалық бюджеттен 10 861,6 мың теңге сомасын қаржыландыру сомасынан азайту мәселесі туралы аудит нысанымен аудандық экономика және қаржы бөліміне тиесілі хат жіберу арқылы шаралар қабылдануда.
Жоспардан тыс ұйымдастырылған аудит іс шараларымен 3829,7 мың теңгеге бұзушылықтар соның ішінде 3829,7 мың теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды.
Аудит мезгілінде 811,3 мың теңгесі бюджет кірісіне аударылып, 2626,8 мың теңгеге бухгалтерлік анықтама арқылы, 391,6 мың теңгесң жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтірілді. Өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін кәсіпорын заңгері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жоспардан тыс аудит іс шараларымен 2378,6 мың тенгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1 758,7 мың тенгесі жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтіруге жататын, жасалған құрылыс жұмыстарының құрылыс монтаж жұмыстары жобасына сәйкес келмеуі болса, 619,9 мың теңгесі сомасында мемлекетік мекеме бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға әкеп соққан, жасалған азаматтық-құқықтық мәмілеге сәйкес орындалған жұмыстарды растаудың анықтығын қамтамасыз етпеген.
Барлық аудит нысандарына Департаментпен анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама енгізілді.