Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруСәйкестік аудиті мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ҚР заңнамасының нормаларын сақтауын тексеруге бағытталған. Біз олардың заңнамалық өрісте қатаң әрекет етуін және артық әрекеттерге жол бермеуін қадағалаймыз.
Камералдық бақылаудың мақсаты – мемлекеттік сатып алулар саласындағы бұзушылықтардың алдын алу. Бұл ретте тексерілетін субъектке анықталған бұзушылықтарды өз бетінше түзету мүмкіндігі беріледі, бұл, сөзсіз, барлық тараптар үшін оң әсерін тигізіп, әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Қаржылық есептілік аудиті бухгалтерлік есептің дұрыстығын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың қаржылық есептілігінде көрсетілген деректердің шынайылығын бағалайды.
Қаржылық есептілік аудиті Үкіметке мемлекеттік активтердің бар-жоғын және олардың жай-күйін растаумен қатар, оларды басқарудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл аудит түрі Үкіметтің қоғамның мемлекетке деген сенімін қалыптастыруға ықпал ететін құралдарының бірі болып табылады.
Аудит жүргізуге мемлекеттік органдардың өздері де мүдделі. Қаржылық есептіліктің дұрыстығын растау инвестициялық және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажет.
Дәл аудит нәтижелері бойынша Үкімет сенімді қаржылық есептілікті алады, демек, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етіледі.
Алайда, мемлекеттік сектордағы аудиттің нақты мақсаттары бұдан да кең болуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік сектор аудиторларының міндетіне тексерілетін мекеменің бюджет қаражатын жұмсау тәртібі бойынша мемлекеттік органдар талаптарын сақтауы/сақтамауы туралы есеп дайындау, тексерілетін субъект қызметінің үнемділігі туралы қорытынды жасау, оның жүзеге асырып жатқан жобаларының тиімділігі/тиімсіздігін бағалау, сондай-ақ жалпы қызметінің нәтижелілігін анықтау кіруі мүмкін.